
2023 жылғы 28 мамырда сағат 15-45-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, "Алтын құмдар" демалыс базасы ауданында шомылуға тыйым салынған орында бес адам отырған үрлемелі диваны байланған гидроцикл сынғаны туралы хабар келіп түсті. (Ер адам 1986, әйел 1984, жігіт 2007, қыз 2006 және кішкентай қыз 2013 жылы туған). Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, үрлемелі диванға мінген адамдар, жүзуге арналмаған зат су көлігінің ақауларына байланысты жағадан 1500 метр қашықтықта қалғаны белгілі болды. Бесеуі де құтқарылып, жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес. Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД 3 құтқарушысы Қалиев Қанат Камалбекұлы, Елжан Елдар Елжанұлы және Серік Ержан Маратұлы жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі