Алматы облысы ТЖД Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен түсіндіру сабағы өткізілді

Алматы облысы ТЖД Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен түсіндіру сабағы өткізілді

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен осы ұйымның базасында құрылған радиациялық, биологиялық және химиялық қорғау қызметінің негізгі функциялары бойынша түсіндіру сабағын өткізді.

Сабақ барысында қызметкерлерге облыстық радиациялық, биологиялық және химиялық қорғау қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Азаматтық қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу бойынша әңгімелер өткізілді.

Сондай-ақ, азаматтық қорғаныс іс-шаралары келтіріліп, түсіндірілді, олар алдын-ала және әскери қақтығыстар туындаған кезде орындалуы керек.

Жалпы, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті базасында азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдары құрылған барлық ұйымдармен осындай жұмыс жүргізуде. Әдістемелік көмек көрсетіледі, сабақтар стационарлық және көшпелі әдіспен, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі