
Құрғақ шөп, адам факторы және ауа райы жағдайлары өрттің пайда болу қаупін арттырады.
Өрт қауіпті кезеңде елді мекендерді қорғау үшін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптарының сақталуын жіті қадағалайды. Мұның ең жақсы тәсілі орман және дала учаскелерінде, елді мекендермен және саяжай учаскелерінде жерді өртке қарсы жырту жұмыстары болып табылады.
Өрттер әртүрлі себептерден туындауы мүмкін, ал егер алдын ала өрт ошағын оқшаулауға қабілетті кедергілер орнатылмаса, өрттің таралу жылдамдығының жоғары болуына байланысты салдары қайғылы болуы мүмкін.
Бақыланбайтын өрттің таралуын болдырмау үшін өртке қарсы жырту жұмыстарын жүргізу қажет, - дейді ТЖД мамандары.
Өртке қарсы жыртуды орман және дала алқаптарына іргелес жатқан жерлердің иелері мен жалға алушылары жүзеге асыруы тиіс.
Өртке қарсы жыртуды жүргізу үшін топырақты аударып, ұсақтайтын соқалармен және кешкіштермен жабдықталған бульдозерлер мен тракторлар қолданылады. Егер техника өтетін аумақта жеке ағаштар мен бұталар өсетін болса, олар кесуге жатады. Нәтижесінде өрттің таралуына кедергі келтіретін минералданған белдеу пайда болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі