Алматы облысы ТЖД-да Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Алматы облысы ТЖД-да Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Отан қорғаушылар күніне орай және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай 2023 жылғы 5 мамырда Алматы облысы ТЖД-да салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шара өрт сөндіруші-құтқарушылар гарнизонына қызметке жаңадан кіргендерге ант қабылдаудан басталды. 37 әскерге шақырылушы ҚР заңдарын білуге арналған тесттерді сәтті тапсырып, дене шынықтырудың қажетті деңгейін тапсырды және медициналық комиссияның мұқият іріктеуінен өтіп, салтанатты жағдайда ант қабылдап, Алматы облысы ТЖ Департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ толыққанды қызметкерлері болды. Іс-шара Іле ауданы Өтеген батыр ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің алаңында өтті. Сондай-ақ, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Департамент бастығының міндетін атқарушы полковник Данияр Болатбекұлы Қасымов ҚР ТЖМ басшылығы атынан және өз атынан азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен гарнизонның жеке құрамын келе жатқан мерекелерімен шын жүректен құттықтады.

Іс - шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеуге байланысты азаматтық қорғау подполковнигі Бақытнұр Хабиденұлы Қалиевке басшы құрам-азаматтық қорғау полковнигі арнайы атағы берілді.

Жамбыл ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры Еркін Еділханұлы Жағыпаров "Төтенше жағдайлардың алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалімен, Департаменттің өрт сөндіру қызметінің Жедел - құтқару бөлімшесіндегі Қонаев қаласы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Қанат Қамалбекұлы Қалиев - "Құтқарушы" төсбелгісімен марапатталды. ҚР ТЖМ грамотасымен Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының №11 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі Олжас Бақытұлы Атқанов және Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің Іле ауданы Өтеген ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Олжас Нұрланұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Екі маңызды мереке-біздің батырларымызға құрмет, олардың батырлық әрекеті әрқашан шабыттандырады және Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың жақсы үлгісі болып табылады!

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі