
Талғар ауданының ТЖБ және Талғар қаласының МӨСБ-2 қызметкерлерімен ауданның орта мектептері арасында жас құтқарушылар клубтары арасаында жарыстар өткізілді. Жарысқа ауданның 6 мектебінің жас құтқарушылары қатысты.
Жарыстың негізгі мақсаты: төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс мінез-құлық дағдыларына үйрету және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және Ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасты қалыптастыру.
Жарыс 4 кезеңде өтті. Жарыс кезеңдері келесі түрлерден тұрды: Шабуыл сатысымен 1 қабат терезесіне көтерілу, 100 метр эстафетасы, өрт киім-кешегін кию, турниктен денені көтеру. Жарыс соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды «№5 ОМ» КММ, екінші орын «№3 ОМ» КММ және үшінші орындарды «№1 ОМ» КММ иеленді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі