
Алматы облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 2023 жылғы 04-20 мамыр аралығында көшкіннің түсу қаупіне және тас құлау қаупіне байланысты облыстық маңызы бар "Түрген - Обсерватория" 20-41 км, "Есік - Есік көлі" 7-15 км автожолдарында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі