Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Алматы облысының халқымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Алматы облысының халқымен кездесуі

2023 жылғы 11-12 мамырдағы Төтенше жағдайлар министрі Алматы  облысына жұмыс сапарымен барады.

Министр Қонаев қаласының тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.

Сонымен қатар Министр брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.

Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), vk_dchs_almob@emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2023 жылғы 5 мамырға дейін қабалданады.

Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет.

(«2023 жылғы 11 мамырдағы халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн).