
"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 1 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 2023 жылғы 2 мамыр күні Алматы облысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр, найзағай, бұршақ) мөлшерінің түсуі күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с. Сондай-ақ 1-6 градусқа дейінгі аяз күтіледі.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі