Заманға сәйкес!

Заманға сәйкес!

Цифралық технологиялар заманында QR-кодты қолдану әдеттегі тәжірибеге айналды. Бұл тәжірибемен келісу қажет, бұл ынғайлы және қолдануға оңай. Осы бағытта, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық материалдарды тиімді тарату, азаматтарға шынайы ақпаратты, ТЖ кезіндегі тәртіп ережелерін жеткізу, қызметті жариялау мақсатында Төтенше жағдайлар Министрліктің ақпараттық көздеріне көшу үшін QR-код әзірледі.

Осыған байланысты Алматы облысы ТЖД қызметкерлері осы QR-кодты ведомстволық ғимараттардың кіреберіс бөлігінде, сауда үйлерінде, сауда орталықтарында, кинотеатрларда, білім беру объектілерінде, спорт объектілерінде, азаматтарды қабылдау кезінде, өңірлік коммуникациялар қызметтерінде, ата-аналар чаттарында орналастыру және тарату бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыс жалғасады.

 

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі