
2023 жылғы 27 сәуір күні сағат 18-08-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне екі азамат, 2001 жылы туған жігіт және 2003 жылы туған қыз қайықты жалға алып, "көгілдір шығанаққа" қарай демалуға бара жатып, адасып, кері жол таба алмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жастар ұялы телефоннан 112 желісіне қоңырау шалды.
Оқиға орнына Қонаев қаласы жедел-құтқару қызметкерлері дереу жіберілді. 3 қайықпен іздеуге шыққан Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен сағат 18-31-де зардап шеккендер табылып, құтқарылды. Медициналық көмегі қажет емес.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі