Алматы облысында "Жас құтқарушы" командалық жарысы өткізілді

Алматы облысында "Жас құтқарушы" командалық жарысы өткізілді

2023 жылғы 26 сәуірде Райымбек ауданының ТЖБ қызметкерлерімен «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» клубтарының оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Нарынқол ауылындағы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінің спорт алаңында Өскелең ұрпақты жан жақты дамыту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын алу және жетілдіру мақсатында, аудандық білім беру мекемелерінің оқушыларымен «Жас құтқарушы» командалық жарыстары ұйымдастырылды.

Слеттің негізгі міндеттері мен мақсаттары:

1) өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа нысандары мен әдістерін енгізу, бейінді жастар ұйымдарының бағдарламаларымен және жобаларымен танысу, өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;

2) өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, дұрыс әрекет ету дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету;

3)  балалардың ойыны, балалардың өмір қауіпсіздігі ережелерін білмеуі, экстремалды жағдайларда әрекет ете алмауы салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу проблемаларына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, педагогтердің назарын аудару;

4)  төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасты қалыптастыру;

5)  балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрлерімен шұғылдануға тарту, олар адамды төтенше жағдайларда іс-әрекетке дайындауға, өзіне-өзі және өзара көмек көрсетуге бағытталған;

6)  жастар ортасында темекі шегудің, алкогольді және есірткіні қолданудың зияны туралы профилактикасы.

 Жарыс барысында жас құтқарушылар түрлі кезеңдерден өтуі тиіс: "Өрт эстафетасы", "Техногендік авария аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары", "Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары" және "Су тосқауылын еңсеру шарттары" жарыстары. Сондай-ақ, "Газет-билборд" және "Алғашқы көмек көрсету" конкурстары өтті.

  Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды "Т.Жанұзақов" орта мектебінің командасы; 2 орынды - "Б. Соқпақбаев" орта мектебінің командасы және 3 орынды - "Т. Жанұзақов"орта мектебінің екінші командасы иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды .

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қізметі