«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Шомылу маусымына дайындық» тақырыбында брифинг өтті.

«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Шомылу маусымына дайындық» тақырыбында брифинг өтті.

2023 жылғы 26 сәуір күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Шомылу маусымына дайындық» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Аға лейтенант Асқарбекұлы Дидар және Қонаев қаласы Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Мұратұлы Жандос сөз сөйледі.

Спикерлер – атап өткендей, Шомылу маусымы кезіңде Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында,Алматы облысының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаментімен, Ұзынағаш ауылының 28237 азаматтық қорғаныс әскери бөлімімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізеді. Күшейтілген профилактикалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде өткен жылы адам өлімі санының алдыңдағы жылмен салыстырғанда 22 жағдайға немесе  47% - ға төмендеуіне қол жеткізілді, оның ішінде балалар өлімі 6 жағдайға немесе 46% - ға төмендеді. Алайда, жүргізіліп жатқан жұмыстарға және қол жеткізілген көрсеткіштерге қарамастан, біздің облыс Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда су айдындарында адам өлімі бойынша антилидерлер тізімін басқарады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабына (Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) сәйкес жауапкершілікке тартылатын азаматтардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне құқықтық баға беру осы іс-шараларға байланысты. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Алматы облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша облыстың барлық қалалары мен аудандарының әкімдеріне және облыстың мүдделі қызметтеріне шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті нұсқаулар берілді. Шомылу маусымына дайындық шеңберінде жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар департаментімен және облыстың мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, шомылу маусымы басталар алдында шомылу үшін рұқсат етілген орындарды ереженің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру (көзбен шолып қарау) жүргізу үшін і комиссия құру мәселесі қаралуда. Департаменттің жедел-құтқару жасағы су айдындарындағы оқиғаларға жедел ден қою үшін 30 жүзу құралын (1 әуе жастықшасы бар кеме, 2 қайық, 7 есу, 13 металл және 7 үрлемелі қайық), 45 бірлік сүңгуір жабдықтары мен құтқару құралдарын (құтқару шеңберлері мен жилеттер, "конец-Александрова") әзірлікке келтірді, және де автономды жұмысты қамтамасыз ету үшін 10 тәулікке азық-түлік, жанар-жағармай материалдарының қоры құрылды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен сүңгуірлік жабдықтар жиынтығы бар автомобиль мен эхолот жиынтығын сатып алу үшін 38 млн. 617 мың теңге бөлінді. Тасымалдауға арналған трейлері бар құтқару қайығын сатып алу мәселесі пысықталуда.  Жедел ден қою және суда адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін Департаменттің құтқару бөлімшелерінің қосымша 6 мобильді бекеті (Қонаев қ.), жергілікті атқарушы органдардан су айдындары мен дүлей жағажайларға шомылуға арналған қауіпті және жабдықталмаған учаскелерде 3 мобильді бекет кезекшілік ұйымдастырылатын болады.

Брифинг соңында спикерлер азаматтарды шомылу маусымы кезеңінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі