Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сіздердің назарларыңызға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, ашық алаңдар мен саяжайлардағы шөптердің жануын болдырмау қажеттігін хабарлайды. Орман аймағында от жағуға болмайды.

- Далалық аймақпен  жүріп бара жатқанда, көлік терезелерінен  жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға жол бермеңіз;

- Орман белдеулерінің жанында  қозғалтқышы қосулы автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына жанармай құюға тыйым салынады.

Өртеу бойынша егіншаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады:

 - Пайдаланылған және қосалқы жерлердегі кептірілген өсімдіктер мен сабан, егіннің қалдықтары;

- Құрғақ өсімдіктермен, ағаштармен, ағаш үгінділермен, автомобиль және темір жолдардың, өткелдердің бөлінген жолақтарындағы заттарды.

     Статистика көрсеткендей, табиғи өрттердің пайда болуы 80%-ға жуығына жұмыс және демалыс кезінде отқа  салғырт қарау сияқты қарапайым шараларды ескермеу себеп болады.

Өрт қаупі бар кезеңде құтқарушылар өрттің алдын алу үшін табиғатта демалыс құруға бас тартуды ұсынады.

   «Үйлердің, саяжайлардың, қураған ағаштардың, ормандардың жанында от жағу өте қауіпті.

   Табиғи өрттер кезінде дереу өртке қарсы қызметке «101», «112» телефондары арқылы хабарлау қажет.

Орман және дала алқаптарында  рұқсат етілмеген күйдіру, құрғақ шөпті бақылаусыз жағу, сабанды өртеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үшін ҚР Әкімшіллік құқық бұзушылық туралы кодексінің  336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

 

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі