
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерімен және білім беру мекемелерінің оқушыларымен өрт қауіпсіздігі туралы білімді насихаттау мақсатында тұрақты негізде Ашық есік күнін өткізеді. «Еркенұр» балабақшасының тәрбиеленушілері Есік қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінде болып, кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қызметімен танысты. Балаларға өрт сөндірушілердің тәулік бойы кезекшілік атқаратын жағдайлары көрсетіліп, өрт сөндіру техникасының, жауынгерлік киімнің мүмкіндіктері туралы айтылды. ТЖ қызметкерлері балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салды: сіріңкемен ойнауға, шөпті өртеуге болмайтындығына назар аударды.
Сонымен қатар, оқушыларға "101" және "112" құтқару нөмірлері туралы еске салынды, сондай-ақ бұл телефондармен ойнауға болмайтынын ескертті.Қауіпсіздік сабағы қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы болуы үшін өрт сөндірушілер өртті сөндіру ережелерін әр түрлі материалдармен өрт сөндіргішпен, тығыз матамен және су сөндіру әдістерін көрсетті. Өрт сөндіру техникасы балаларды қатты қуантты: олар үлкен қызыл машиналарға қуана-қуана мініп, өрт сөндірушілердің жабдықтарын сынап көрді және естелік ретінде суретке түсті. Сондай-ақ өз әсерлерімен бөлісті.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі