Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша отырыс өткізілді

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша отырыс өткізілді

         Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаментінде  ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салаларындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокурорлардың қатысуымен өтініштерді талдау жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде анықталған заңбұзушылықтарды талқылау мәселесі бойынша кеңес отырысы өткізілді.  Кеңес отырысында көтерілген мәселелерді кеңінен талқылау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Заңының нормаларын түсіндіру және  оларды практикада қолдану тәсілдерін үйрету мақсатында, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының білікті мамандарын шақыртып жиын өткізілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі