
"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 14 сәуірдегі дауылды ескертуінің негізінде 15 сәуір күні Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 24-29 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі