Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу  және жою комиссиясының отырысы өтті

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2023 жылғы 12 сәуірдегі Алматы облысы әкімінің  орынбасары Н.К. Кудайбергеновтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

         Отырыста төрт мәселе қаралды:

  1. 2023 жылғы көшкін мен сел қаупі бар кезеңге дайындық;
  2. 2023 жылғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды дайындау туралы;
  3. 2023 жылғы өрт қауіпті кезеңде Алматы облысының орманды дала аумақтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шаралар туралы;
  4. Сейсмологиялық мониторинг және жер сілкінісіне дайындық үшін қажетті шаралар. (жоспардан тыс)

         Жоғарыда көсетілген төрт мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты  тапсырмалар берілді.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі