Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 10 сәуірдегі дауылды ескертуінің негізінде 11 сәуір күні Алматы облысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр, боран, бұршақ) мөлшерінің түсуі күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 25 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі