
"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 7 сәуірдегі дауылды ескертуінің негізінде 8 сәуір күні Алматы облысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) мөлшерінің түсуі күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м / с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі