
2023 жылғы 4 сәуір күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Жылыту кезеңінің қорытындылары және өрт қауіпті кезеңіне дайындық» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бақармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Кенжехан Самат Кенжехаұлы сөз сөйледі.
Спикер – Самат Кенжехаұлы атап өткендей, 2022-2023 ж. ж. жылыту кезеңінде өрттердің және олардың зардаптарының алдын алу мақсатында облыс аумағында тұрғын үй секторында бірқатар алдын алу іс-шаралары өткізілді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын халыққа жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 106 сөз сөйлеу, теледидарда – 71, баспа басылымдарында – 270, радиоэфирде -765 сөз сөйлеу өткізілді. Жылыту кезеңін қорытындылай келе, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тағы да назар аударғым келеді, сондай-ақ пеш жабдықтарына назар аударып, қысқы кезеңге дайындықты алдын ала жүргізгім келеді. Өрттің алдын алу саласындағы екінші маңызды мәселе мемлекеттік орман қорын өрттен қорғау болып табылады. Табиғи өрттер еліміздің халқы мен экономикасына елеулі қауіп төндіреді. Табиғи өрттердің пайда болуы қалыптасқан ауа-райына, орман және дала алқаптарындағы азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауына және өртке қарсы іс-шаралар кешенін толық көлемде орындауға байланысты. Облыс аумағында температуралық фонның жоғарылауына байланысты өткен аптада ғана құрғақ шөптің және қамыстың жануының 19 жағдайы, сондай-ақ Іле-Балқаш резватының аумағында 1 табиғи өрт тіркелді. Статистикаға сәйкес, көктем-жаз кезеңінде болған өрттердің 90% - дан астамының себептері құрғақ шөпті жағу, ғимараттардың жанында қоқыстарды жағу, тасталған темекі тұқылдары, отпен балалардың еркелігі болып табылады.
Брифинг соңында спикер азаматтарды өрт қауіпті кезеңде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі