
Алматы облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 2023 жылғы 01-20 сәуір аралығында көшкіннің түсу қаупіне және тас құлау қаупіне байланысты облыстық маңызы бар"Түрген - Обсерватория" 20-41 км, "есік - Есік көлі" 7-15 км автожолдарында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі