
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында «Достық кубогы» футзалынан облыстық турнир өткізді. Турнирге 9 команда қатысты.
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының командасы III-орынды, II-орынды Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің командасы иеленді. Турнирдің жеңімпазы Алматы облысы полиция департаментінің командасы болды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, грамоталармен марапатталды. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы турнир соңында барлық қатысушыларды жеңісімен құттықтап, денсаулық, сәттілік және еңбекте табыс тіледі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі