Жер сілкінісі кезіндегі сіздін іс - арекетініз

Жер сілкінісі кезіндегі сіздін іс - арекетініз

   а) жер сілкінісіне дейін – үйде, жұмыста, қоғамдық жерлерде, көлікте, көшеде жер сілкінісі болғанда алдын ала әрекет тәртібін қарастыру қажет. Бұл сіздің қысылтаяң кезде сабырлық сақтап  дұрыс іс-әрекеттер жасағанға көмектеседі.

   б) жер сілкінісі кезінде – жердің дүмпуінен қорықпаңыз, сабырлық сақтап қалғандарды да тыныштыққа тартыңыз, үрей салмаңыз, айғайламаңыз, әбігерлікке салмаңыз. 

   Көшеде болсаңыз, ашық алаңға шығуға тырысыңыз, электр сымдар мен биік ғимараттардан аулақ болыңыз, балкондардан, карниздерден, парапеттерден, алыс болыңыз.

   Егер сіз биік емес ғимаратта болсаңыз (3 қабатқа дейін),  мүмкіншілігінше электр құралдары мен газды өшіріп ғимараттан шығуыңыз дұрыс болар. Ғимараттан байқап тез шығыңыз, ғимараттың бөлшектерінен, электр сымдардың үзілуінен және тағы басқа қауіптерден сақтаныңыз.

   Егер сіз биік ғимаратта болсаңыз, баспалдақтар мен лифтіні қолданбаңыз, олар бір сәтте қирап қалу мүмкін. Ғимараттың ішінде қалып қалсаңыз, дер кезде қаупсіздік орынға барып тұрыңыз: есіктің жақтауына, бөлменің негізгі ішкі қабырғаның жанына, бұрышына, терезелермен балкондардан алыс болыңыз.

   Құлап кететін ауыр заттар мен жиhаздардан абай болыңыз. Жерсілкініс дүмпулерін аяғына дейін күтіп, сабыр сақтап шығыңыз. Газ жарылысын болдырмау үшін қараңғы жерде майшамдарды, сіріңкені, оттықтарды қолдаңбаңыз.

   Егер сіз автокөлікте болсаңыз, биік ғимараттардан, көпірлерден, өтпелерден алыс барып сабырлық сақтап тоқтаңыз. Дүмпулер аяқталғанша автокөліктен шықпаңыз.

   в) жер сілкінісінен кейін – сабырлық сақтаңыз, жағдайды бағалаңыз,  тек қана ресми ақпараттарды қолданыңыз, жарақат алғандарға көмектесіңіз, мүмкіншілігінше алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

   Су құбырын, электрожабдығын, газдың, өрт шығу қаупі жоқ па екенін тексеріңіз. Мүмкіншілігінше абайлап өшіріп тастаңыз, газ қаупі шықса бөлмені тексеріңіз.

   Зақымдалған ғимаратқа тығыз жағдайсыз кірмеңіз, сымдарға сүйенбеңіз, жай үйлердің пештері мен мұржалардың ақауларын тексеріңіз, оларды жасамағанша от жақпаңыз.

   Естеріңізде болсын, жер қыртысы дүмпулері қайталануы мүмкін, олар екінші зақымдаушы факторларға - жарлыстарға, өрттерге, аумақты қатты әсер етуші улы және тағы басқа да заттармен зақымдануына әкеліп соғады.

   Сақ болыңыздар, Азаматтық қорғаудың аумақтық органдарының ұсыныстарына сәйкес әрекет жасаңыздар.

 

БОЛДЫРМАУ МҮМКІН ЕМЕС, САҚТАНУҒА БОЛАДЫ !       

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі