Алматы облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен "Алматы облысының аумағында болуы мүмкін жер сілкінісіне азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы туралы"төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Комиссияның жоспардан тыс отырысы өткізілді.

Алматы облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен "Алматы облысының аумағында болуы мүмкін жер сілкінісіне азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы туралы"төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Комиссияның жоспардан тыс отырысы өткізілді.

2023 жылғы 10 наурызда Алматы облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен "Алматы облысының аумағында болуы мүмкін жер сілкінісіне азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы туралы"төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Комиссияның жоспардан тыс отырысы өткізілді. Хаттама дайындалып, бекітілді, онда Алматы облысы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелеріне нақты қажетті ұсынымдар берілді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің өкімімен Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап ерекше өкімге дейін негізгі, арнайы және қосалқы автомобильдер бөлімшелердің қасбеттерінде орналасады.

Алматы облысының жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары түзетілді, "жинау"сигналы бойынша жеке құрамды хабардар ету схемасы түзетілді.

Алматы облысының азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесі тексерілді, құлақтандыру жүйесінің орталық пультінде офицерлік құрамның тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Ведомстволық интернет - ресурста және мессенджерлерде орналастырылған жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекеті бойынша мақалалар, сондай-ақ оқыту роликтері дайындалды.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі