
2023 жылдың 9 наурыз күні сағат 10-30-да Алматы облысының ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында 13.1-13.2, 13.1-13.2, 13.1-13.2, 13.1-13.2, 13.3, 13.5 және 12.5 шақырым облыстық маңызы бар автожол "Есік-Есік өз” шатқалының маңында, қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты таулардың баурайында жеті жерде қар көшкінінің өздігінен түсуі болды, түскен көшкіндердің жалпы көлемі – 428,2 текше метрді құрады.
Түскен көшкіндер облыстық маңызы бар "Есік өзені - Есік қаласы” автожолын жауып тастады. Құрбандар, зардап шеккендер мен қираулар жоқ.
Бұл автожолды тазарту 2023 жылдың 10 наурызында жүргізіледі. көшкін болған жерге 3 қызметкер және "Қазселденқорғау" ММ-нің 1 бірлігі, ТЖ департаментінің 1 қызметкері мен 1 техника бірлігі шықты.
Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөлік жол қозғалысын тоқтатпау мақсатында Алматы облысының "жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-нің 2022 жылғы 7 қарашадағы хатына сәйкес Есік қ. - Есік көлі автожолы 7 километрден 15 километрге дейін, сондай-ақ Түрген-Батан ауылы-Асы обсерваториясы автожолы 20 километрден 41 километрге дейін аралық 2023 жылғы 31 наурызға дейін жабық.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі