Алматы облысының ТЖД-да Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Алматы облысының ТЖД-да Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

8 наурыз - Әйелдердің адалдығын, сүйіспеншілігін, отбасылық құндылықтарға адалдығын құрметтеу, біздің нәзік әлемімізді жойылудан құтқаратын Сұлулық мұраттарына жанқиярлықпен қарау мерекесі.

Ерлер қауымы осы көктемгі мерекені асыға күтеді. Шын мәнінде, 8 Наурыз — әрбір нағыз ер адам үшін өзінің ең шынайы және нәзік қасиеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндіктердің бірі.

2023 жылғы 7 наурыз күні Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8 Наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тасболатұлы Тойшыбеков ұжымның әйелдер жартысын айтулы мерекемен құттықтап, еңбек қызметінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге Төтенше жағдайлар министрінің грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста және халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР ТЖ Министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы №80 ж/қ бұйрығымен азаматтық қорғау аға лейтенанты Баян Серікқызы Рахымбаеваға мерзімінен бұрын азаматтық қорғау капитаны атағы берілді. Сондай-ақ, осы бұйрықпен Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Кондыбаева Ақнұр Нұрахмедқызы «Азаматтық қорғау жүйесін дамыту үшін қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қаржы және Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Тұрсынова Әйгерім Талғатқызы ҚР ТЖ Министрінің грамотасымен марапатталды, ақпараттық-талдау тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Әуелбекова Гүлфара Қанатқызы күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының аға инженері Хузмет Айсұлуға алғыс хатпен марапатталды.

Бұдан әрі 8 наурыз мерекесінде Алматы облысы ТЖД жеке құрамымен гүлдер мен сыйлықтар табыстаумен құттықтау бағдарламасы ұйымдастырылды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі