Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 5 наурыздағы дауылды ескертуінің негізінде 2023 жылғы 6-7 наурыз күндері аралығында Алматы облысында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының еруіне, биікте орналасқанына және тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні түсуі мүмкін. Сондай-ақ, температуралық фонның жоғарылауына байланысты Алматы облысының аумақтарында қар көшкіні жағдайының шиеленісуі мүмкін.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі