"Көктем-2023"Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуларының бірінші күнінің қорытындысы

"Көктем-2023"Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуларының бірінші күнінің қорытындысы

"Көктем-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының бірінші күнінің қорытындысы бойынша 2023 жылғы 2 наурызда облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, № 28237 әскери бөлімі, облыс аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, еріктілер ұйымдары, сондай-ақ ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелері Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы мен Ынтымақ ауылындағы үш негізгі учаске бойынша, су тасқынына жол бермеу мақсатында алдын алу іс-шараларын жүргізудің нақты қажеттілігі бар жерде 60 текше қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарылды, 1,5 шақырым бұрма арналарды жырту, арық желісін кеңейту және тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілді. Кейіннен өткізілген іс-шаралар әртүрлі мақсаттағы 150-ден астам нысанды су басудың алдын алуға мүмкіндік береді.

 

 

                                                                               Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі