Еңбекшіқазақ ауданындағы көшкіннің түсуі туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ ауданындағы көшкіннің түсуі туралы ақпарат

2023 жылдың 1 наурыз күні сағат 10-30-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне облыстық маңызы бар автожолдың 13 шақырымында "Есік қаласы - Есік өзені" Еңбекшіқазақ ауданы Есік өзені бассейнінің шатқалында қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы - 15 метр, ені-5 метр, биіктігі -2 метр, қар көшкінінің көлемі - 150 текше метр. Баурайда тоқтаған қардың түскен массасы, облыстық маңызы бар автожолы жабылмады. Бірақ азаматтардың қауіпсіздігі және автокөлік жол қозғалысын тоқтатпау мақсатында Алматы облысының "жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ - нің 2022 жылғы 7 қарашадағы хатына сәйкес бұл автожол 2023 жылғы 31 наурызға дейін жабық, “Есік қаласы- Есік өзені- Турген” автожолы 7 километрінен 15 километріне дейін, Түрген-Батан- Аса обсерваториясы автожолының 20 шақырымынан 41 шақырымына дейін жол жүру жабылды..

Оқиға орнына ТЖ департаментінің 1 қызметкері мен 1 техникасы, з қызметкер және "Қазселденқорғау" ММ 1 техникасы шықты.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаскелері бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі