Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеуге арналған іс шаралар

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеуге арналған іс шаралар

Өз құрамына әлемнің 70-тен астам елін қосатын Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) жыл сайын 1 наурызды Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін атап өту әдетке айналған.

2023 жылы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнінің тақырыбы: «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі».

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеу аясында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысы Қарасай ауданы Иргели кентінің «Асыл Арман» ТҮК аумағында Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерін, ҚР ТЖМ Сейсмология институты және Апаттар медицинасы орталығының, Ұзынағаш кентінің №28237 әскери бөлімінің мамандарын тарта отырып, Алматы облысының Азаматтық қорғау қызметтері ауқымды сейсмикалық жаттығулар өткізді.

Жаттығуды бастамас бұрын электр сиреналары мен сирень-сөйлеу қондырғылары қосылды. Осы жаттығу барысында эвакуация кезінде халықтың іс-әрекеттері пысықталды, жер сілкінісінің салдарымен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша көрсеткіштік оқу-жаттығулар өткізілді. Бұл ретте ғимараттың жоғарғы қабаттарынан альпинистік жабдықтар мен өрт сатысының көмегімен адамдарды құтқару тәсілдері көрсетілді. Апаттар медицинасы орталығының және Алматы облысының медициналық қызметінің дәрігерлері шартты түрде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті. Практикалық іс-шаралар аяқталғаннан кейін құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Сейсмология институты ЖШС, ТЖ Департаменті және "Қызыл Ай" ҚБ мамандары жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдарды түсіндірді.

Барлығы 150 адам мен 35 бірлік техника, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардан «Қызыл Жарты Ай қоғамы» және «Lider.kz» 50 ерікті тартылды.

Осындай іс-шаралар барлық білім беру, денсаулық сақтау және адамдар көп жиналатын нысандарда өткізілді. Сондай - ақ, халықпен " Баршаның назарына!!!", ол төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін беріледі.

Бұл іс-шаралар төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты даярлау және төтенше жағдайларда дұрыс мінез-құлықты дамыту мақсатында жүргізіледі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі