«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Жер сілкінісі кезіндегі халықтың әрекеттері» тақырыбында брифинг өтті.

«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Жер сілкінісі кезіндегі халықтың әрекеттері» тақырыбында брифинг өтті.

2023 жылғы 27 ақпан күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Жер сілкінісі кезіндегі халықтың әрекеттері» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бақармасының аға офицері аға лейтенант Асқарбекұлы Дидар, Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Қырғыз Ерназар Рахатұлы сөз сөйледі.

Спикер – Дидар Асқарбекұлы атап өткендей, Жыл сайын 1931 жылы құрылған Халықаралық азаматтық қорғаныс  ұйымының шақыруымен (МОГО) әлемнің көп елдерінде 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғау Күні тойланады. Бүгін ХАҚҰ, өзінің құрамында Европа, Азия және Африканың 70 астам мемлекетің біріктіретін, - халықаралық деңгейде азаматтық қорғау мәселесімен шұғылданатын жетекші  ұйымның бірі  болып табылады. 2023 жылы Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» тақырыбында өтеді. Халықаралық Азаматтық қорғаныс Күнінің атап өту іс-шараларын  жоғарғы деңгейде даярлап және өткізу мақсатында, облыс аумағында  Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңының негізгі ережелерін, мақсатын және  төтенше жағдайлардың, апаттар мен зілзалалардың  алдын алу және зардаптарын жою мәселесі бойынша басқа да құқықтық актілерін түсіндіру, техника мен құрал-жабдықтарды көрсету, мекемелерде, ұйымдарда, оқу орындарында Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғау Күніне арналаған конференция, семинар, конкурстар, ашық сабақтар, кездесулер және әңгімелесу,  азаматтық қорғау құрылымдарымен арнайы оқу-жаттығулар, машықтанулар өткізу жоспарланып отыр. Осы мереке әр мемлекеттің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдаларды алдын алуға, халықты даярлауға, ұлттық төтенше жағдайлар қызметтерінің болу мүмкін  оқыс жағдайларға арналған іс-шараларын ұйлестіруге бағытталған халықаралық маңызды акция болып табылады.

Спикер – Ерназар Рахатұлы былай деді, Алматы облысы сейсмикалық белсенді өңірде орналасқан, ықтимал жер сілкіністерінің 3 эпицентрі бар (Кеген ауданының Құрмет ауылы батысына қарай 10 км, Райымбек ауданының Сарыжаз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км), онда қарқындылығы 9 балға дейін күшті жер сілкіністері болуы мүмкін. / Анықтама: 7 балдық аймаққа бір Балқаш ауданы, 8 балдық аймаққа Жамбыл ауданы және Қапшағай қаласы, 9 балдық аймаққа 7 аудан (Еңбекшіқазақ, Қарасай, Көксу, Райымбек, Кеген, Талғар, Ұйғыр) жатады. Шұғыл ден қою және болған жер сілкінісі және қайталанған дүмпулердің туындау қаупі туралы халықты хабардар ету (хабардар ету) мақсатында Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімі мен Алматы қаласы "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" ЖШС диспетчерлері арасында тікелей телефон байланыс желісін қосып, арнайы телефон аппаратын орнату бойынша жұмыс жүргізілді. Халықты құлақтандыру үшін облыс аумағында 201 соңғы құлақтандыру құрылғысы 110 СРУ (сирено-сөйлеу қондырғылары) және 91 с-40 (электромеханикалық сиреналар) бар, оның ішінде: орталық іске қосу - 33 (автоматтандырылған); жергілікті іске қосу - 58 (қолмен). Сондай-ақ, 2022 жылы "Қазақстан облыстары мен қалаларының аумақтарының сейсмикалық қауіптілігін қазіргі ғылыми-әдістемелік негізде бағалау" нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде 2021-2023 жылдарға арналған "Сейсмология институты" ЖШС сейсмикалық қауіптілікті ықтималды бағалау және Алматы облысының аумағын егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру (ДСР) карталарының жиынтығын жасау бойынша зерттеу жұмыстарын жоспарлағанын атап өткім келеді 1: 1000000 масштабында, жаңа мемлекеттік құрылыс нормативтік құжаттарын әзірлеу үшін жаңа әдістемелік негізде, аумақтардың қазіргі сейсмикалық қауіптілігін ескереді.

Брифинг соңында спикерлер азаматтарды Жер сілкінісі кезінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі