Алматы облысының Қарасай ауданында шопандарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Алматы облысының Қарасай ауданында шопандарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

2023 жылғы 24 ақпанда сағат 00-21-де Алматы облысы ТЖД-да Жібек жолы ауылында Қорқұдық станциясында 1975 және 1980 жылы туған екі ер адам мал жаю кезінде, суару каналындағы су деңгейінің жоғарылауына байланысты, үйге оралу барысында өз бетінше суару каналынан өтіп кете алмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын Алматы қаласының РОСО күштері жүргізді.Сағат 03-40-та Алматы қ. РЖҚЖ күштерімен авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды. Адамдар мен 50 бас қой қайықтың көмегімен басқа жағалауға қауіпсіз жерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан су тасқыны кезеңінде сақтық шараларын сақтауды сұрайды.

                                        

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі