
2023 жылғы 16 ақпанда Алматы облысы ТЖД бекітілген кестеге сәйкес Қонаев қаласы орталық аудандық ауруханасының объектісінде күндізгі өрт-тактикалық сабақтар өткізілді.
Шартты өртті сөндіру барысында келесі мәселелер пысықталды:
- шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен объектінің қызмет көрсетуші персоналы арасындағы өзара іс-қимыл;
- өрт сөндіру жедел штабының жұмысын, шешуші бағытты таңдауда, жағдайды бағалауда бірінші келген және кейінгі РТП дағдыларын жетілдіру;
- өрттегі штаб пен тыл жұмыстары;
- өртті сәтті сөндіру үшін қажетті бөлімшелер мен техниканы өртке шақыру орнына шоғырландыру уақыты;
- жеке құрамның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтауы.
- орнату орындары, сондай-ақ өрт техникасына арналған кірме жолдар.
Өрт-тактикалық сабақтарды өткізуге Қонаев қаласының №1 өрт сөндіру бөлімінің 13 қызметкері және 3 техника жұмылдырылды .
Сабақ нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тыңдай отырып, оларға жол бермеу мақсатында анықталған қателер мен кемшіліктерді түсіндіре отырып талдау жүргізілді. Жалпы, жеке құрам бұл тапсырманы жақсы орындады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі