Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

 Азаматтық қорғау органдары мен волонтерлік ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар Департаментімен ағымдағы жылдың 15 ақпанында «LIDER.KZ Волонтерлік қозғалысы» және «Жастар ресурстық орталығы» қоғамдық бірлестігімен меморандумдар жасалды

Алматы облысы ТЖД бастығы полковник Тойчубеков Асқар Тасболатұлы кіріспе сөз сөйлеп, Еңбекшіқазақ ауданында АСЫ үстіртінен адамдарды іздеу және құтқару бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көмек көрсеткен еріктілер ұйымдарының өкілдеріне алғысын білдірді. 

Сонымен қатар, меморандум жасасу шеңберінде Департамент пен волонтерлік ұйымдардың бірлескен жұмысының негізгі бағыттары келісілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі