
2023 жылғы 7 ақпан күні сағат 17:12-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Наурызбай батыр көшесінде ауланы су басу туралы хабарлама келіп түсті.
Бұл жерге Ұзынағаш ауылының №4 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы шықты.
Шақырту орнына келгеннен кейін қардың еруі нәтижесінде тұрғын үйдің ауласын еріген сумен су басу қаупі бар екені анықталды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен ұзындығы 40 метр көше бойында 20 тонна инертті материалдар төселді, сондай-ақ жертөледен 0,2 текше метр су сорылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ Департаментінің 5 қызметкері мен 2 техника (1 бірлік - мотопомпасы), 30 әскери қызметші, 1 бульдозер, №28237 әскери бөлімнің 2 Камазы, 10 қызметкер және жергілікті атқарушы органдардың 2 техникасы жұмылдырылды.
Аулаларды су басу осы көше бойындағы арық жүйесін жеке үйлердің тұрғындары тазаламау себебінен орын алды, оларға жақын арада арықтарды қоқыс пен қардан тазарту ұсынылды.
Төтенше жағдайлар департаменті еріген суларды арық желілері арқылы кедергісіз өткізуді ұйымдастыру мақсатында жеке сектор тұрғындарынан жеке аумақтарда, сондай-ақ үйлерге іргелес учаскелерде орналасқан арықтарды тексеруді және тазартуды талап етеді. Тұрғын үйлерді су басып қалмас үшін арық желілерінің қоқыспен бітелуіне және арық желісіне қардың төгілуіне жол бермеуіңізді сұраймыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі