
12.02.2023 ж. сағат 08. 10 мин. 58 сек. Алматы уақытымен Алматы қаласының сейсмостанциясы Алматы қаласынан шығысқа қарай 303 шақырым жерде Қазақстан, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы шекарасында (таулы жер, Көлжат ауылынан 40 шақырым жерде) жер сілкінісін тіркеді. Энергетикалық класс-8.4. MPV магнитудасы 3,8. Координаттары 43. гр. 35 мин.солтүстік ендік, 80 гр. 65 мин. шығыс бойлық, тереңдігі 15 км.
Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Ақпарат алғаннан кейін Ұйғыр ауданының, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары, ТЖБ, аудандық полиция бөлімі, және басқа да ұйымдар сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдайды нақтылау үшін хабардар етті, жағдай нақтыланды, қиратулар мен құрбандар туралы хабарлама түскен жоқ.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі