"Қазақавтожол" ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа температурасының күрт төмендеуіне (температура минусқа төмендеген жаңбыр) байланысты 2023 жылғы 9 ақпан күні сағат 21:00-дан бастап Республикалық маңызы бар автожол: «Алматы-Өскемен» (25 км Өтеген батыр ауылы - 16 км Первомайка ауылы) барлық автокөліктер үшін жол қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі