"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 9 ақпандағы дауылды ескертуінің негізінде 10 ақпан күні Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында қар жаууы түріндегі қатты жауын-шашын мөлшерінің түсуі күтіледі. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыстар жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі