Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

"Қазақавтожол" ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа температурасының күрт төмендеуіне (тұман түсуі, шектеулі көріну) байланысты 2023 жылғы 7 ақпан күні сағат 23:15-тен бастап Республикалық маңызы бар автожол: «Алматы-Ташкент-Термез» (59 км Жаңақұрылыс ауылы - 101 км Дегерес ауылы) барлық автокөліктер үшін жол қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі