Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

2023 жылғы 3 ақпан күні Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. М. Тұрлашевтың төрағалығымен Алматы облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының жоспарлы отырысы өтті.

Отырыста үш мәселе қаралды:

  1. Күштер мен құралдардың алдағы су тасқыны қауіпті кезеңге дайындығы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардан келтірілген залалды азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы;
  2. Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелері күштерінің құралдарының көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың туындауына және қауіп қатерлерге ден қоюға әзірлігін келтіру;
  3. «Қазавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалына, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ және Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ауа-райына байланысты жолдарда жаппай жол-көлік оқиғаларының алдын алу бөлігінде жолдарды уақтылы жабу жөнінде нұсқаулар берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдады және мүдделі облыстық қызметтерге, аудандар мен қалалардың әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі