
"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 3 ақпандағы дауылды ескертуінің негізінде 4-6 ақпан күндері аралығында Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ және тұман түсуі күтіледі. Шығыстан ауысатын батысқа жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі