
Қазақстан Республикасының Заңы 8-бап талаптарына сәйкес "Азаматтық қорғау туралы" және азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 5-тарауы азаматтық қорғаныстың эвакуациялық іс-шараларын орындау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарда эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары құрылады.
Мәселен, Алматы облысында жоғарыда көрсетілген басшылық құжаттардың талаптарын орындау мақсатында "Алматы облысының эвакуациялық комиссиясын құру туралы" облыс әкімдігінің 2022 жылғы 14 қарашадағы №118-ӨН/Қ өкімімен облыстық эвакуациялық комиссияның құрамы және ережесі бекітілді.
2023 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы әкімшілігінде 2022 жылғы 07 маусымдағы №1 "Облыстық эвакуациялық комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру тәртібін қарау" хаттамасына сәйкес эвакуациялық комиссия отырысында екі мәселе қаралды:
Облыстық эвакуациялық комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру тәртібін қарау туралы
Облыстың эвакуациялық органдарының аралық жұмысы туралы.
Облыстық эвакуациялық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес бір мәселе қаралды:
"2022 жылғы жұмыс қорытындылары және 2023 жылға арналған эвакуациялық органдар жұмысының негізгі бағыттары туралы"
Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы