«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Крещение Господне» мерекесі кезіндегі қауіпсіздік тақырыбында брифинг өтті.

«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Крещение Господне» мерекесі кезіндегі қауіпсіздік тақырыбында брифинг өтті.

2023 жылғы 1 ақпан күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы полковник Азаматов Дәурен Саматұлы, «Қазселденқорғау» ММ Төтенше жағдайларды алдын алу және қорғаныс құрылыстарын пайдалану бөлімінің басшысы Тұрсынжанов Қайсар Қалсынович сөз сөйледі.

Спикер – Дәурен Саматұлы атап өткендей, Жалпы, облыста 304 Гидротехникалық құрылыстар бар (оның ішінде республикалық меншікте – 50, коммуналдық меншікте -142, жеке меншікте – 112), оның ішінде: 72 су қоймасы, 107 тоған, 09 бөгет, 3 су торабы, 99 магистральдық канал. Облыс аумағында авариялық су қоймалары жоқ. Ірі су қоймаларын толтыру барысын мониторингтеуді және басқаруды Су ресурстары комитетінің Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы жүзеге асырады. Жыл сайын облыс аумағының су тасқынына бейім учаскелеріне комиссиялық тексеру жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша арық-канал желілерін, су бұру арналарын орнату, қорғаныс бөгеттерін салу және жөндеу, жағалауды нығайту, өзен арналары бассейндерін тереңдету және түзету бойынша кезең-кезеңмен, алдын алу іс-шаралары жүргізіледі. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 2021-2022 жылы анықталған 34 су тасқыны қаупі бар учаскелерден 7 учаскенің тәуекел қаупі азайтылды, осылайша бүгінде 27 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды (Балқаш,Талғар,Жамбыл,Қарасай,Енбекшіқазақ, Іле,Райымбек,Ұйғыр аудандарында). Өткен жылдардың талдауын ескерсек, су тасқыны болуы себептерінің бірі мол жауын-шашын түскен кезде, елді мекендердің арық-канал, көпірлер мен құбырлы өткелдердің су өткізу қабілетінің тиісті деңгейде болмауы немесе мүлдем болмауы. Осыған байланысты, төтенше жағдайлардың  алдын алу мақсатында, Алматы облысы ТЖД азаматтарды іргелес аумақтардағы арық желілері  мен құбырлы өткелдерді қардан, мұздан және қоқыстан тазарту бойынша шаралар қабылдауға және қарқынды қар еру кезеңінде тау жорықтарын жасамауға шақырады.

Спикер – Қайсар Қалсынович былай деді, Бүгінгі күні филиал бойынша 5 диспетчерлік пункт, 15 гидрологиялық бекеттер және 3 қар көшкініне қауіпті аймақтарды бақылау маршруттуры жұмыс жасауда. «Қазселденқорғау» ММ-нің болжамы бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында мұз құбылыстарының әлсіреуіне байланысты таулы өзендерде су деңгейінің айтарлықтай ауытқуы күтілуде. Тәуліктік ауа температурасының оң болжамына  байланысты өзендерде мұз кептелістері қалыптасуы және сең жүруі және қыс айларында жауған қардың әсерлерінен таулы аймақтарда қар қорының айтарлықтай көп болуына байланысты, жылы ауа-райы басталған кезеңде таулы өзендерде қарқынды беткейлік және жер үсті ағындарының пайда болуынан аумақтарды су басуы мүмкін.  Сондай-ақ жерге түскен тоң да су тасқындарымен сырғымаға әсер ету факторлары болып табылады. «Қазселденқорғау» ММ-нің гидро бекеттерінен алынған мәліметтер бойынша жерге түскен тоңның қалыңдығы  10-70см. Сол себепті көктемгі су тасқындары мен сырғыма кезеңдерінде қауіпті аймақтарға ескерту қалқаншаларын орнату және  ауылдық округ әкімшіліктерімен қатар қауіпті аймақарда орналасқан тұрғын үйлермен шаруашылық  нысандардың иелеріне ескерту хабарламаларын тарату жоспарлануда.  ІААПТБ филиалы бойынша құрамы 15 адамнан тұратын жедел штабы құрылды және  төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша жұмыстарға қатысу үшін құрамы 11 адам, 4 бірлік жедел-кезекші техника және 7 бірлік арнайы ауыр техникалары бар апаттық механикаландырылған топ жасақталған.

Брифинг соңында спикерлер азаматтарды Су тасқыны қаупі кезеңінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі