2022-2023 жылдардың қысқы кезеңінде еліміздің су айдындарында суға батып кетті 6 адам, оның ішінде 3 адам автокөлік құралдарының мұз астына түсуі нәтижесінде.
Патрульдеу кезінде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұзда болу қаупі, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі және ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес осы Ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы азаматтарды ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, өкінішке орай, біздің облыста да осындай фактілер орын алуда.
Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтарда Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен Қапшағай су қоймасында балықшылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде мұзда жеке автокөлігі бар әуесқой балықшыларға мұздатылған су айдындарының өтуі мен көшуі кезінде сақтық және қауіпсіздік шараларымен танысты. Алайда, Департамент қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан, Мерседес спринтер маркілі көлігі мұз астына түсіп кетті. ТЖД құтқарушылары жүргізушіні құтқарды.
31 қаңтарда Қапшағай су қоймасында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Субару маркалы автокөліктің мұз астына түсуінің кезекті фактісін тіркеді. Бақытымызға орай және бұл жолыда адам шығынынан құтылу мүмкін болды.
Аталған автокөлік құралдарының иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік істер қозғалды, соның нәтижесінде айыппұлдар салынды.
Алматы облысы ТЖД су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында автокөліктің мұзға шығуына жол бермеу туралы ескертеді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі