Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 30 қаңтардағы дауылды ескертуінің негізінде 1-3 ақпан күндері аралығында Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, қар және тұман түріндегі қатты жауын-шашын мөлшерінің түсуі күтіледі. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с. Сондай-ақ ауа температурасы 8 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі