
"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 30 қаңтардағы дауылды ескертуінің негізінде жауын-шашын мен ылғалды қар түріндегі қатты жауын-шашынның болжамына байланысты, сондай-ақ 1-3 ақпан аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты Алматы облысында қар еруі, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі