№5 өрт сөндіру бөліміне экскурсия

№5 өрт сөндіру бөліміне экскурсия

Төтенше жағдайларды жою басқармасы Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлемінің қызметкерлері мен жыл бойы жұмыс жоспарын жасаған кезде оқу орындарындағы кіші және жоғары сынып оқушыларына арналған нұсқалықтар мен лекциялар өткізуге ерекше көңіл бөледі. М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу тақырыбы бойынша бейнеклиптер көрсетіледі, мамандықты таңдау кезінде оқушыларына ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ, Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы  өрт қауіпсіздігі шараларын өткізу және М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу жайлы ең жақсы жолы өрт сөндіру бөліміне ашық есік күнін өткізу  - бұл оқушыларға өрт сөндірушілердің жұмыс орнын анық көріп, техникамен танысудын жақсы себебі деп санайды.

Осыған байланысты, Қарасай ауданы Әль-Фараби атындағы орта мектеп гиназиясының 10 сынып оқушылары үшін Қаскелен қаласының №5 өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды, оның аясында өрт сөндіру техникасының кішігірім көрмесі және авариялық-құтқару құралдары көрсетілді. Балалар мен мұғалімдер өрт сөндірушілерге кездескендеріне және екінші үйлерін ішінен көруге қуанышты болды. Олар үлкен қызығушылықпен және шынайы қуанышпен өрт сөндіру жабдықтарын және авариялық-құтқару құралдарымен танысты.

Төтенше жағдайларды жою басқармасы және Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлемінің қызметкерлері осындай экскурсиялар балаларды өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен таныстыруға, жаңа білім алуға және бұрын берілген материалды қайталайтындарына сенімді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі