
2023 жылғы 4 қаңтар күні сағат 09:00-де Алматы облысы ТЖД пультіне Қарасай ауданы Қаскелең өзенінің арнасының мұздануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алматы облысының Қаскелең өзенінің арнасында «Сары Арқа» санаторийі маңында ұзындығы 300 м-ден асатын мұз құбылыстары (зажорлар) есебінен су деңгейінің көтерілуі байқалды. су деңгейінің көтерілуін тұрақтандыруға Қарасай ауданы ТЖБ-ның 1 техникасы мен 2 қызметкері, «Қазселденқорғау» ММ-нің 2 техникасы мен 4 қызметкері, сондай-ақ ЖАО 2 қызметкер, Үшқоңыр суару - 2 қызметкер дереу жіберілді.
Өзен суының тұрақтандырылған арнадан шығуын және сең жүруін болдырмау үшін өзен арнасын мұз құбылыстарынан тазарту бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді. «Қазселденқорғау» ММ-нің жұмысына 1 Арнайы техникасы (Камаз базасындағы экскаватор (гредола), жедел автокөлік және апаттық-механикаландырылған бригаданың 4 адамы жұмылдырылды.
Қабылданған шаралармен Қаскелең өзенінің арнасын тазарту жұмыстары сағат 12:20-да аяқталды, жағалау сызығынан тыс су тасқыны қаупі жоқ, су деңгейі төмендеді. Су басу қаупі жойылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі