
2023 жылғы 24 қаңтар күні сағат 10:33-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне мекен-жай бойынша хабарлама келіп түсті: Қонаев қаласы, 4 шағын ауданда дүкен жанып жатқаны туралы.
Оқиға орнына шақыртудың жоғарғы дәрежесі бойынша күштер мен құралдар дереу жіберілді.
Шақырту орнына сағат 10:45-те келгеннен кейін киім дүкенінің жалпы ауданы 102 ш.м. (көлемі 14х8 дүкен, металлды қаңқалы панель, металл жәшік бойынша шатырлы) жануы орын алғаны белгілі болды.
Өртке қарсы қызметтердің қабылданған шараларымен өрт сағат 10:54-те оқшауланып, сағат 11:43-те жойылды.
Өрттің үлкен аумаққа таралуының себебі 101 желісіне кеш хабарлау фактісі болды. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге 16 қызметкер және 6 бірлік ТЖД техникасы, 12 қызметкер және 4 бірлік полиция департаменті техникасы, 4 қызметкер және 1 бірлік жедел медициналық жәрдем бригадасы техникасы жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі