Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2023 жылға 18 қаңтар күні жоспарға сәйкес Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста төрт мәселе қаралды:
1.Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2023 жылға арналған негізгі міндеттері туралы,
2.2023 жылғаарналған су тасқыны қауіпті кезеңге дайындық және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардан болатын залалды азайтуға бағытталған алдын алу іс шараларын жүргізу туралынегізгі міндеттер;
3.Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелері құралдары күштерінің көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың қауіп-қатері мен туындауына ден қоюға дайындығын келтіру;
4.Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүліктеріне 2023 жылғы түгендеу жүргізуін ұйымдастыру туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдады және орындау мерзімдерін белгілей отырып, мүдделі облыстық қызметтерге, аудандар мен қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі